27.01.2022 в 19:12

Рухани жаңғыру – баянды болашақ бастауы

Облыстық тарихи-өлкетану музейі алыс-жақыннан келіп жатқан қонақтар мен жергілікті қауымның игілігіне айналып отыр. Музейдің қорында өлкеміздің тарихи-материалдық ескерткіштерін халыққа көрнекі түрде жеткізетін 100 мыңнан астам құнды жәдігерлер сақталған. Мұндай көп жәдігерді жинақтауда, насихаттауда – ең алдымен музей қызметкерлерінің рөлі орасан зор дейді,- Айнұр Қыдырбаева.

Айнұр Қыдырбаева – Облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі

Түркістан  облыстық тарихи-өлкетану музейі – аймақтағы өзіндік мол тарихы бар ірі мәдени-ағарту мекемелерінің бірі. Музей экспозициясы келушілердің, әсіресе жастардың аса қызығушылықпен тамашалайтын құнды дүниелермен толығып отырады. .Біз өткенге құрметпен қарап, тарихи құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтауға міндеттіміз. Себебі, бұл ұлтымыздың кешегісі мен бүгінін, болашақ игі мұраттарын сабақтастыратын баға жетпес қазына болып табылады дейді,- Аида Утеп.

Аида Утеп – Облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері

Рухани жаңғыру – ұлттық болмысымызды сақтап, біртұтас ел болуымызға қарымды қадам. Мәңгілік еліміздің мақсат-мұратын жүзеге асырудың түп негіздерін айқындап берген ұлт жадының тұжырымдамасы.