Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингті жария етті. Australian Open финалында өнер көрсеткен Елена Рыбакина алғаш рет WTA рейтингінде 10-орынға көтерілді.
Бұған дейін жекелей сында қазақстандық теннисшілердің ешқайсы (ерлер, әйелдер арасында) ондыққа еніп көрген емес.
Тағы бір қазақстандық теннисші – Елена Путинцеваның көрсеткіші 47-ден 44-сатыға жоғарылады.
Жұптық сында өнер көрсеткен Анна Данилина 24-орында тұр.
Қазақстандық теннисшілердің 30 қаңтардағы көрсеткіші мынадай:
10. (+15). Елена Рыбакина – 2815
44 (+3). Юлия Путинцева – 1114
449 (+34). Жібек Құламбаева – 102
506(+79). Гөзал Айнитдинова – 82
543 (-73). Анна Данилина – 70
1182 (0). Аружан Сағындықова – 7.