AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошанов партияның кезектен тыс XXV съезін шақыру туралы қаулыға қол қойды. Съезд 7 ақпанда Астана қаласында өтеді. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі мәлімдеді.
Съезд жұмысына еліміздің барлық аймағынан делегаттар қатысады. Осыған орай партияның орталық аппараты өңірлік филиалдармен бірге дайындық жұмысын бастады.
Еске салайық, Қазақстанда 7 саяси партия тіркелген:
- Amanat партиясы;
- «Ақ Жол» Қазақстанның демократиялық партиясы;
- Қазақстан Халық партиясы;
- «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партия;
- Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы;
- «Respublica партиясы» қоғамдық бірлестігі.
Мемлекет басшысы 2023 жылғы 19 қаңтардағы жарлығымен жетінші сайланған Мәжілісті таратып, Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2023 жылғы 19 наурызға тағайындады.
Қаржы министрлігінің хабарлауынша, биыл Қазақстанда Мәжіліс пен жергілікті мәслихат сайлауын өткізуге 33,4 млрд теңге бөлінеді.
Бұл қаржы саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша және бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша жаңа аралас сайлау жүйесін енгізуді ескеріп есептелді.