Рашид Аюпов елшіге Түркістан облысын дамыту бағытындағы жұмыстарды баяндап, экономикалық байланыстар мен әріптестікті нығайту жөніндегі ойларын айтты. Түркістанда инвестиция салуға қолайлы жағдай жасалғанына тоқталып, Польша елінің кәсіпкерлерінің қатысуымен бизнес-форум өткізу жөніндегі ұсынысын жеткізді. Сондай-ақ, өткен ғасырдағы қиын кезеңдерде қазақ даласына мыңдаған поляк азаматы күштеп көшірілді. Қазақ халқы оларды құшақ жая қарсы алып, бір нанды бөлісіп жеп, қамқорлық танытты. Түркістан өңірінде де поляк халқының өкілдерінің зираттары бар. Осы тарихи орындарды табуға көмектесіп, біздің тарихшылармен тығыз байланыста жұмыс атқарған азаматтарға Польша азаматтары алғысын білдірді.