09.06.2022 в 23:03

Адами капитал- дамуға бастар ұлы жол!

Ата-бабамыз ел басқару ісіне ерекше мән берген. Мұны өнер білімнің ең биік шыңы деп таныған. Сондықтан да Әл-фараби Қайырымды қаланың тұрғындар секілді ондаған трактат жазған.Ясауидің хикметтерінде дүниенің тірегі кімдер екенін айтады. Жүсіп Баласағұн алғаш рет ел басқарушы адамдардың қасиеті қандай екенін жыр жолдарына арқау еткен. Сондықтан Түркі елдерінің мәдени астанасы атанған қалада осындай ауқымды жиынды өткізу жөнінде шешім қабылданған. 

Әлихан Баймен  - Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы 

Біз осыдан мың жыл бұрын осы өңірде тұрған әлемде көшбасшы болған Әл-фараби, Баласағұни , Ясауилердің алған орнындай әлемде орын алу үшін не істеуіміз қажет? Қандай орта қалыптастыруымыз керек? Сарапшылардың әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған және Отандық сарапшылардың пікіралмасуы болады.

Өмірзақ Шөкеев- Түркістан облысының әкімі

Шын мәнінде Түркістан кейінгі үш жылда нағыз орталыққа айналды. Сондықтан жаңағы айтылғандай форумнң осында өтуі жайдан-жай емес. Өйткені адам әлеуетін дамыту заманауи жағдайға тез бейімделу дегенді білдіреді.

Форумға  АҚШ, Әзербайжан, Бельгия, Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Украина және Эстония мемлекеттік органдарының бірінші басшылары, белгілі бизнес көшбасшылар, HR сарапшылар, ғалымдар жиналды. Олар "Қызметкерлерді қалай ынталандыру қажет?""Адами капитал қалай дамиды және оның алдында қандай сынақтар бар?""Мәдениет пен дәстүр мемлекеттік басқаруға қалай әсер етеді?" деген сұрақтарға жауап берді.