08.09.2022 в 13:41

100 мың жасқа жұмыс берілуі керек

Елдің әлеуметтік әлеуетін көтеруге бағытталған Мемлекет басшысының халыққа арнаған жолдауын Мақтаарал аудандық Жастар Ресурстық орталығының белсенді және ерікті жастары мұқият тыңдап, жастар мәселесіне айрықша тоқталғана өз толқыныстарын білдірді. Сан-саланы қамтыған басты құжатта әсіресе, келесі жылы 100 мың жасты жұмыспен қамту жөніндегі тапсырмасы көптің көңілінен шығып отыр.

Президенттің Қазақстан халқына арналған кезекті жолдауында жастарға білдірген қолдауы басым болып тұр. Осы орайда, жас толқынды қолтығынан демейтін жобаларды іске асырып,  кәсіп ашуға ниеттілеріне мемлекет тарапынан төмен пайызбен несие беру секілді нақты іс-шараларды ұсынды. 

100 мың жасқа жұмыс берілуі керек. Ел президенті өз жолдауында  жұмыссыз жастар мәселесін шешуді кесіп айтты.  Бұл ретте, келесі жылы нақты іс шаралар жоспарын түзуді тапсырды. 

Мақтаарал ауданында 34700-ге жуық жас бар. Бүгінде олардың 133 ресми түрде жұмыссыз болып тіркелген. Аудан жастары Президент жолдауында айтылған бастамалар ойдағыдай жүзеге асса, еңбекпен қамтылу деңгейі артып,  жұмыссыз жастар саны әлдеқайда, төмендейді деген сенімде.