Түркістанда облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Оған Агенттіктің Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов арнайы қатысты. Агенттік әр аймақта белең алған жемқорлық фактілерінің негізінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер Картасын әзірлеген. Саян Ахметжанов өңірдің тәуекелдер картасына өңірде жемқорлық жиі ұшырасатын салалар мен шешімін таппай келген түйткілді мәселелердің енгізілгенін баяндады.
Комиссия отырысына төрағалық еткен облыс әкімі Дархан Сатыбалды күн тәртібінде қаралатын мәселелерге тоқталды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын -алу шараларын нығайту – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі екендігін айрықша атап өтті.
Жиында сөз алған Агенттіктің аймақтағы Департаментінің басшысы Қанат Қожахметов проблемалық мәселелерді шешуге бағытталған Карта аясында атқарылған жұмыстарды атады. Комиссия отырысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай облыс аумағында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша атқарылып жатқан шараларға тоқталды.
Облыс аумағында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жою бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Облыс әкімдігі үлгілік базалық бағытын іске асыруға бағытталған шараларды қабылдаған. Кеңсе құрылып, әкімдік қызметкерлерінен жобалық топтар құрылды. Облыстың барлық басқармалары мен квазимемлекеттік ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Пилоттық жоба ретінде, пара алу фактісімен күдікті деп танылғандардың сот отырысына сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің салдары туралы мемлекеттік қызметшілердің санасына әсер ету мақсатында әріптестері қатыстырылуда. Жиын соңын қортындылаған өңір басшысы Дархан Амангелдіұлы басқарма басшылары мен аудан/қала әкімдеріне сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарына жол берген әрбір тұлғаның жауапкершілігі ескерусіз қалмайтын ескертті.