01.11.2022 в 15:19

Тіл тағдыры – ел тағдыры

Тіл тағдыры – ел тағдыры. Шымкент қалалық тілдерді оқыту әдістемелік орталығына биыл - 25 жыл! Мерейлі датаға орай тіл саясатын жүзеге асырушылар республикалық конференция өткізді. 

Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және арзхивтер басқармасына қарасты  мекеменің ширек ғасырлық тойына еліміздің әр қиырынан келген өкілдер қатысты. Олар тіл саясатына қатысты баяндама оқып, саладағы өзекті проблемаларды талқылады. 
Әдістемелік орталық 1997 жылы құрылған болатын. Осы мерзім ішінде 27 мыңнан астам азаматқа тіл үйретті. Олардың 16 мыңы - қазақ, 3800-і орыс және 2047-сі өзбек пен өзге этнос өкілдері. Үш тілді жетік меңгерген жастарды ынталандыру мақсатында шеберлік сағаттары мен түрлі байқаулар ұйымдастырып келеді. 
Қазір бұл орталықта 12 ғана кадр жұмыс істеп жүр. Тіл үйрететін мамандардың айтуынша, жалақының аздығы - бұл салада ұзақ тұрақтап қалуға қолбайлау екен. Сондықтан, мекеме қызметкерлері Жаңа Қазақстанның жаңа саясатынан көп үміт күтеді.  Шара барысында еңбегімен еленген бірқатар азамат алығс хаттармен марапатталды.