Оңтүстіктің «Досмұқасаны»! Шымкентте ширек ғасырлық тарихы бар «Армандастар» халықтық ансамблі мерейтойын атап өтті. Ауқымды концерт берген мәдени ұжымның шарасын біз де тамашалап қайтқан болатынбыз.
Елу жылда ел жаңа. Бұл кештің өту себебі – өткенді қозғау емес, ыстық естеліктерді еске түсіру. Жаныңды жадырататын ретро-әндерді халықтың жадына қайтару. Бір дәуірдің түлеп ұшқан жастарының қаншама жылдан соң қайта бас қосуы, осы күнге жете алмаған жандардың рухын шат ету. «Армандастар» ансамблі қайта құрудың, жаңғырудың алдында тұрған жоқ. Айта кетейік, жоба 1970 жылы ұйымдасқан болатын. Қолына түрлі аспап ұстаған бірнеше талант жиналып, концертке шығып, конкурстарға қатысады. Алыс-жақын шетелдерге де шығып, қазақтың өнерін бүкіл кеңес одағына таратады. Қазіргі таңда бұл ансамблдің ізбасарлары Төлеби ауданының мәдениетіне үлес қосып жүр.