Қазақ операсының негізін қалаған Қанабек Байсейітов пен Күләш Бейсейітованың қызы 83 жасына қараған шағында өмірден озды.
Қаралы хабарды Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрының баспасөз қызметі жеткізді.
⠀
«Қарлығаш Қанабекқызы өмірінің соңғы күндеріне дейін Қазақстанның кәсіби музыкалық өнері мен театрымыздың пайда болуы туралы баға жетпес тарихи деректермен жомарттықпен бөлісе отырып, ата-анасы жайлы естеліктерді жадында сақтады», - делінген ақпаратта.