Қазақстанның төтенше жағдай министрлігі құтқарушыларының екінші эшелоны Газиантеп қаласынан 69 шақырым жердегі толығымен қираған ғимаратта жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
«Бұл нысанда қазақстандық құтқарушылар адамдардың орналасқан жері мен жай-күйін анықтау, үйінділер астында зардап шеккендермен аудио байланыс орнату, қажетті көмектің көлемі мен сипатын анықтау бойынша жұмыстарын жүргізді», - делінген ақпаратта.
Қазақстандық құтқарушылардың үлкен тереңдіктегі үйінділердің астынан зардап шеккендерді эвакуациялау үшін жол ашу жұмыстарын орындап, көлемі 18 мың текше метрден астам үйіндінің астынан үш адамды – ер адам мен екі әйелді шығарды.
Адамдар дереу медициналық көмек көрсетілетін жерге жеткізілді.