12.02.2023 в 17:01

Қазақстан аумағында жер сілкінісі болды

Жер сілкінісі Алматыдан шығысқа қарай 303 шақырым жерде тіркелді

Фото: Sputnik.kz

«Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Астана уақытымен 08:10-да жер сілкінісін тіркеді.

Эпицентрі Қазақстан аумағында Алматыдан шығысқа қарай 303 шақырым жерде, Қытаймен шекараға жақын маңда орналасты.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 8.4. Магнитудасы MPV – 3.8. Тереңдігі – 15 шақырым.

Бұл кейінгі кезде қазақстандық сейсмологтар тіркеген алтыншы жер сілкінісі. Екеуі Қырғызстанда, қалған үшеуі Қытай аумағында болған.