17.02.2023 в 11:32

Алматыда Абай даңғылы ұзартылады

Жұмыс жыл соңына дейін аяқталады

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматыда 2023 жылдың аяғына дейін Абай даңғылы қала шекарасына дейін ұзартылады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесуде айтты.

2022 жылы Ақжар шағын ауданында 10 км жол және Ақжар, Қарағайлы мен Шұғыла шағын аудандарының 12 көшесінде 8 км тротуар салынды, 23 км жолға орташа жөндеу жүргізілді.

Биыл 2023 жылы Ақжар және Шұғыла шағын аудандары бойынша 20 көшеде 16,4 км жол салынып, 21 км жол орташа жөндеуден өтеді.

«Жыл соңына дейін Абай даңғылын қала шекарасына дейін ұзартуды аяқталады. Қазір жер телімін сатып алу және алып қою жұмыстары жүріп жатыр. Бұған қоса, осы айда Жұбанов көшесін Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін ұзарту жобасына мемлекеттік сараптаманың қорытындысы шығуға тиіс», - деді қала әкімі.

Тегтер: