Екібастұз жылу орталығында 6 қазандық жұмыс істеп тұр, жылу беру температурасы – 70 градус. Бұл туралы энергетика министрлігі хабарлады.
«18 ақпанда сағат 04.37-де Екібастұз ЖЭО-да су жылыту бөлігінің жылу желісін беру коллекторы зақымданды. Салдарынан салқындатқыш температурасының параметрлерін төмендету арқылы су жылыту қазандықтары тоқтатылды. Шамамен сағат 20.00 кезінде жөндеу жұмыстары аяқталды, коллекторды толтырғаннан кейін сағат 23.00-де жылу желісінің параметрлерін көтеру үшін кезек-кезек су жылыту қазандықтары іске қосыла басталды», - делінген министрлік таратқан ақпаратта.
Қазір Екібастұз ЖЭО-да 6 қазандық жұмыс істеп тұр, жылу беру температурасы – 70 градус.
Оқиға орнында төтенше жағдай министрлігі, атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті өкілдерінің қатысуымен облыс әкімдігінің жедел штабы жұмыс істеп жатыр.
Бұл мәселені үкімет бақылауға алды.