Бір тәулікте елімізде 40 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
20 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 664 адам коронавирус емделіп жатыр. Оның ішінде 112 пациент стационарда, 1 552 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Коронавирус жұқтырғандар арасында 4 адамның жағдайы ауыр, 4 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланған.
Бір науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.