ҚР Парламенті мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс саулауы бойынша «AMANAT» партиясынан құрылған республикалық сайлауалды штабының өкілдері Түркістан қаласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салынған «Арман - M School» мектебі мен Сауран ауданы, Ескі Иқан елді-мекеніндегі «АВИЦЕННА А» емханасының ұжымымен кездесті.
Бұл топта Дихан Қамзабекұлы, Оңайгүл Тұржан, Смағұл Елубай, Ұлықбек Есдәулет, Әділ Ахметов, Ұласбек Сәдібеков, Ғалымжан Елшібай, Біржан Байтуов сынды есімдері еліміз бен өңір жұртшылығына танымал оннан астам азамат бар.
Елімізде үлкен өзгеріс болғалы тұр. Ол – 19 наурызда өтетін сайлау. Сол сайлауда Мәжіліс пен мәслихатқа қандай кандидаттарды сайласақ, еліміздің келешегі де тура сондай болмақ. Яғни, ел тағдыры сайлаушылар, яғни сіздердің қолдарыңызда, - деді білім саласының өкілдерімен кездескен белгілі жазушы Смағұл Елубай.
Ал дәрігердермен кездесуде сөйлеген Түркістан облысынан Мәжіліс депутаттығына кандидат Шырынбек Оңғаров сайлауалды бағдарламаның басым бағыттарын түсіндірді.
«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында қоғамдағы барлық мәселе қамтылған деп айта аламын. Оның ішінде, денсаулық сақтау саласындағы проблемаларды шешіп, одан әрі дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Сонымен бірге, мемлекеттік саясатқа сәйкес, ауылдарды көркейтуге айрықша көңіл бөлінеді. Партия белгілеген 10 бағыт бұдан бөлек, білім, әлеумет, ауыл шаруашылығы, ұрпақ тәрбиесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, тіл мәртебесі, жалпы, барлық саладағы мәселелерді шешуді көздейді. Яғни, «AMANAT» партиясы әрдайым еліміздің өркендеуі үшін еңбек етеді, - деді Шырынбек Оңғаров.
Білім және медицина саласының өкілдері көкейдегі ойларын ортаға салып, сұрақтарын қойды. Тиісінше, штаб мүшелері сауалдарға жауап беріп, азаматтарды 19 наурызда «AMANAT» партиясына дауыс беруге шақырды.
Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.