Қазақстанда бір тәулікте 70 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
21 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 641 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның ішінде 131 пациент стационарда, 1 510 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Коронавирусқа шалдыққандар арасында екі адамның жағдайы ауыр, 4 науқастың жағдайы өте ауыр деп бағаланған. Бір науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.