Үш өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты тасжолдар жабылды, деп хабарлады ҚазАвтоЖол.
Ақтөбе облысында «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» тасжолының Т.Жүргенов ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейінгі аралығы көліктің барлық түрі үшін жол жабылды.
Қарағанды облысында «Екатеринбург – Алматы» тасжолының Ақсу-Аюлы ауылынан Балқаш қаласына дейінгі аралығында жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Қостанай облысында «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» тасжолының Ақтөбе облысының шекарасынан Денисовка ауылына дейінгі аралығында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.