Ақтөбе қаласында мектепте өрт шықты. Жүздеген бала қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгін таңғы сағат 08:01-де «112» құтқару қызметіне 23 орта мектеп-лицейінде өрт шыққаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына бірден 53 құтқарушы мен 14 техника жіберілген.
Құтқарушылар барғанда 1-қабатта орналасқан кабинет өртеніп жатқан. Мектеп-лицейден 890 оқушы мен 60 ересек адам эвуакацияланды. Зардап шеккендер жоқ, - дейді мамандар.
Тілсіз жау сағат 08:12-де толығымен ауыздықталды. Алдын ала мәліметке сәйкес, өрт электр сымдардың тұйықталуынан шыққан.