Қазақстанда бір тәулікте 93 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
23 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 651 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның ішінде 96 пациент стационарда, 1 555 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар арасында 2 адамның жағдайы ауыр, 4 пациенттің жағдайы өте ауыр жағдайда жатыр. Бір науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.