Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 645 шақырым жерде жер сілкінісі болды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі хабарлады.
Жер сілкінісі 23 ақпанда Алматы уақыты бойынша сағат 08:18 кезінде тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 645 шақырым жерде Тәжікстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.4. MPV магнитудасы 5.7. Тереңдігі 35 шақырым.