Қарағанды облысында ҚР Парламенті мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары аясында кездесулер өтіп жатыр.
«AMANAT» партиясының республикалық сайлауалды штабының мүшелері Тілектес Адамбеков, Никита Шаталов Саран қалалық сайлауалды штабының мүшелері Өміржан Баймағанбетов және Нұргүл Тәжібаева Саран шахтасының еңбек ұжымымен кездесті.
Кездесудің басты мақсаты – «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының мәнін түсіндіру.
«Саран» шахтасы 1955 жылы желтоқсанда пайдалануға берілген. Бірнеше рет қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген. «Саран» шахтасы – көмір қоры 132 млн тоннаға жуық перспективалы кәсіпорын. Мұнда 9 қазу бригадасы, 2 өндіру учаскесі бар. Ұжымда шамамен 1 700 адам еңбек етеді.
Кездесу барысында сайлау алдындағы бағдарлама туралы тікелей түсініктемелер берілді.
Ұжыммен әңгімелесу барысында, ең алдымен «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының маңызды тармақтарына тоқталды. Ол жерде экономика, әлеуметтік сала, экология мәселелері және өзге де салаларды дамытуға көңіл бөлінген.
Шахтерлердің белсенді азаматтық ұстанымы бар адамдар екені қуантады. Кездесу барысында көптеген сұрақ қойылды. Атап айтқанда, кәсіпорын қызметкерлері шахтерлердің зейнеткерлік жасын төмендетуге, жұмыс істеп тұрған және зейнеткерлікке шыққан қызметкерлерге көмір бөлуге, жеке үйлерде тұратын және тағы басқаға қызығушылық танытты.
Тапсырыс беруші: Б.К Алтынбеков
Қарағанды облыстық мәслихат депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.