Төтенше жағдай министрлігі Батыс Қазақстан облысында тікұшақ апатынан қайтыс болғандардың аты-жөнін жариялады.
Қайтыс болғандардың арасында аға бортмеханик-нұсқаушы Сиязбек Андосов, ұшқыш-нұсқаушы Довлетбай Қанатов, жетекші инженер Жәрдем Досқалиев, екінші пилот Владимир Афанасьев бар.
Айта кетейік, 23 ақпанда Батыс Қазақстан облысында апатты жағдайда қонған тікұшақта болған 4 адам қаза тауып, 2 адам зардап шекті.
Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, бүгін БҚО-да «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды. Оқиға Чапурино елді мекенінен 6 км қашықтықта болған. Сағат 15:50-де «ҚазТрансОйл» АҚ тапсырысы бойынша құбырды әуеден шолу үшін ұшып шыққан «Қазавиақұтқару» АҚ Ми-8 тікұшағы жерге қатты екпінмен қонған.