"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы жақын арада жұмысын қайта бастайды. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов Талдықорғанда өткен кеңесте мәлімдеді.
Премьер-министрдің айтуынша, пандемия басталғалы "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы тоқтап тұр. Алайда қазіргі уақытта Қытай тарапымен оны ашу туралы келісімге қол жеткізілген.
"Қорғас" жақын арада өз жұмысын бастауға тиіс. Енді дайындық жұмыстарын жеделдетіп, Орталық қызметіне тартылған барлық құрылымның өзара іс-қимылын қамтамасыз ету керек", — деді үкімет басшысы.
Сонымен қатар Әлихан Смайылов жоспарланып отырған инвестициялық жобаларды уақытылы іске қосудың және өңірді қолжетімді бағада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етудің маңызын атап өтті.