Ақтөбедегі әскери бөлімдердің бірінде 18 жастағы сарбазды ұрып-соқты. Қатты соққыға жығылған ол қазір Алматыдағы әскери госпитальда жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv телеарнасы.
Бұл туралы 18 жастағы қарағандылық әскери борышын өтеген әскери бөлімдегілер хабарлады.
24 ақпанда ол жақ сүйегінің сынуы және ми шайқалуы жарақатымен ауруханаға түскен. Сарбаз емдеу курсынан толық өткен соң қарулы күштер қатарына оралады.
"Әскери полиция органдары тергеу жүргізіп жатыр, оны қазір жария ете алмаймыз. Әскерге шақырылған сарбаз Алматыдағы госпитальда жатыр. Емдеу жүргізілуде. Сол жақ төменгі жақ сүйегі сынған", - деді 30238 әскери бөлімі командирінің орынбасары Ренат Шәріпов.
Артиллериялық бригадада екі әскери қызметкер арасында жанжал шыққаны белгілі болды. Әскерге шақырылған сарбаз казармада еден жуып, әріптесіне ескерту жасаған кезде ол оны ұрып-соға бастаған. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.