Абай атындағы кітапхана ғимаратында барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутаттарды сайлау жұмысы бойынша «AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалының жиыны өтті.
Отырыста 19 наурызда сайлауға түсетін барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына кандидаттар және VII шақырылым депутаттары, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы және «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының басшысы, партия филиалының жауапты қызметкерлері бас қосты.
Сайлау жұмысы бойынша жиынды «AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалының төрағасы Қуаныш Сүлейменов ашты.
Мемлекет басшысы биылғы 19 наурызға Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын мерзімінен бұрын сайлау тағайындады. Елдегі конституциялық реформалардың заңды жалғасы және тың демократиялық дәстүрлерді қалыптастыруға бастама болады деп көпшілік күтіп отырған сайлау жаңа тәртіпте өтеді, - деді Қуаныш Серқазыұлы.
Қуаныш Сүлейменов қазір еліміздегі барлық тіркелген саяси партиялар ғана емес, жекелеген азаматтар да Мәжіліс пен мәслихаттарға үміткер ретінде өзін-өзі ұсына алатынына тоқталды.
Өз кезегінде алдағы сайлау Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей, «елді бөлетін емес, біріктіретін науқан болуы керек», - деді Қуаныш Серқазыұлы.
Күн тәртібінде бірқатар мәселелер талқыланды. Отырыс жұмысында партияның жаңа мүшелерін қабылдау және сайлау алдындағы даярлау бойынша жүргізілген жұмыстардың қорытындылары бойынша аудандардың атқару хатшыларының есебі тыңдалды.
Сайлау жұмысы бойынша отырыста облыстық филиалдың атқарушы хатшысы Думанғазы Арғынғазин кандидаттың сайлауалды бағдарламасы, құрылымы және бір мандатты округтер бойынша «AMANAT» партиясынан кандидаттардың шағын штабтарының функционалы туралы атап өтті.
«Мемлекет басшысы мемлекет тұғырын нығайту мен ел бірлігін сақтау мәселесінің бәрінен биік қойылып, елімізге халықтың мүддесін тиімді қорғай білетін және жауапкершілігі жоғары партиялар қажеттігін атап көрсетті. Бұл тұрғыда толық трансформациядан өткен «AMANAT» партиясы президенттің сайлау өткізу туралы шешімін толық қолдай отырып, елдегі байыпты бастамалардың, оң өзгерістердің басты қозғаушы күші ретінде алдағы сайлауға қатысады», - дейді Думанғазы Семейғазыұлы.
Бірмандатты үгіт-насихат жұмыстары туралы «AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалы партиялық бақылау комиссиясы инспекторы Майра Құржықаева, белсенділердің жұмысын ұйымдастыру бойынша «AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалы жанындағы «Жастар рухы» Жастар қанатының төрағасы Темірлан Бақтияров тоқталды.
Абай облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізім ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.