Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 276 шақырым жерде жер сілкінді. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі хабарлады.
Жер сілкінісі Алматы уақыты бойынша сағат 08:14 кезінде тіркелген.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 276 шақырым жерде Қырғызстан мен Қытай шекарасында болды.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.4. MPV магнитудасы 4.2. Тереңдігі 10 шақырым.