Қаңтарда Қазақстанда әуе көлігі қызметтері 21,3%-ға қымбаттады. Абай облысында билет құны екі есеге жуық (94,2%) артқан.
Баға қымбаттаған өңірлер арасында Қостанай (64,4%), Батыс Қазақстан (47,9%), Шығыс Қазақстан (47,8%) облыстары мен Алматы (42,8%) қаласы бар, - делінген ақпаратта.
Finprom.kz мамандарының хабарлауынша, баға тек Жамбыл облысында ғана өзгермеген. Павлодар, Алматы, Қарағанды және Ұлытау облыстарында билет құны арзандаған.
«Биыл әуе көлігі кәсіпорындарының кірісі 53,9 млрд теңгені құрады, бір жыл бұрын 20,9 млрд теңге болды. Бұған дейін бірнеше жыл қатарынан секторда мұндай айтарлықтай өсім байқалған жоқ», - деп атап өтті агенттік.
Қаңтарда авиакомпаниялар 969,9 мың жолаушыны тасымалдады – бұл өткен жылмен салыстырғанда 84%-ға көп. Ең жоғары көрсеткіш тіркелді:
- Алматыда – 601 мың жолаушы;
- Шымкентте 319,6 мың жолаушы.