Қазақстанның нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде Ресейдегі сауда өкілділігін жабу туралы үкімет қаулысы жарияланды.
«Қазақстанның сауда және интеграция министрлігінің Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілдігі мемлекеттік мекемесі таратылсын», - делінген құжатта.
Бұған дейін сауда және интеграция министрлігі Ресейдегі өкілдікті жабу себебін түсіндірді.
«Ресей Федерациясымен өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін ескере отырып, мемлекеттік органдардың жұмысын оңтайландыру аясында Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілдігін тарату туралы шешім қабылданды», - делінген ақпаратта.
Қазіргі кезде қазақстандық бизнестің ресейлік бағытта жұмыс істеуі және барлық операциялық мәселені шешуі үшін институционалдық жағдай жасалған. Сондықтан сауда өкілдігінің қажеті болмай қалды.