Атырау облысының Ақтөбе – Атырау – Астрахань тасжолында жол апаты болды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға 28 ақпан сағат 07:55 шамасында болған. Ақтөбе – Атырау - Астрахань тасжолының 492 шақырымында Мақат – Қызылқоға бағытында келе жатқан Toyota Ipsum автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие болаалмай, жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Ол жүк көлігімен соқтығысқан.
Салдарынан 4 адам қаза тауып, 3 адам түрлі дене жарақатымен Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді.