Елордадан тысқары барлық бағыт бойынша көлік қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол».
Ауа райының нашарлауына байланысты көліктің барлық түрі үшін Астана қаласының сыртындағы барлық бағыттар бойынша жол қозғалысына шектеу енгізілді, - делінген «ҚазАвтоЖол» таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, 28 ақпанда ауа райының қолайсыздығына байланысты Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарында автожолдардың 19 учаскесінде қозғалыс шектелді.