Аршалы ауданындағы «SG BRICK» еңбек ұжымының өкілдері партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша өткен үгіт-насихат жиынында АМАNАТ партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттарға қолдау сөздерін білдірді.
Еңбек ұжымымен кездесуді облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Әбілхайыр Ошақбаев ашып, алдағы ауқымды саяси оқиға – ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары сайлауын еске алды. Үміткер жиналғандарды партияның Сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, жастардың проблемалары мен оларды шешудің ұсынылған жолдарына толығырақ тоқталды.
«Барлығыңыз АМАNАТ партиясының қызметімен тікелей таныссыздар. Бұл тек сайлау алдындағы кезеңде ғана емес, тәулік бойы жұмыс істеп, ел тұрғындарының мәселелерін шешетін партия. Қазір ақпараттық технология заманында – әрбір айтқан сөзіңізден кейін бәрін тексеріп, өз қорытындыңызды жасауға болады. Ал АМАNАТ партиясы – сыннан жасырмай, азаматтардың өмірін жақсы жаққа өзгертуге бар күш-жігерін салуға тырысатын партия», - деп бастады сөзін Ә.Ошақбаев.
Үміткерлер аймақта қордаланған мәселелердің көп екенін мойындады. Енді оларды шешу үшін әрекет етудің уақыты келді дейді олар.
«Біз жастардың үш жүйелі проблемасын талдап, анықтадық: баспана, жұмыспен қамту және бос уақыт. Қазақстанда қазірдің өзінде жастарды баспанамен қамтамасыз ету бойынша бірқатар бағдарламалар іске қосылды. Биылдан бастап Ақмола облысында «Ақмола жастары» бағдарламасы әзірленуде. Қазіргі уақытта ең тиімдісі «7-20-25» бағдарламасы. Жастарға арналып қолға алынып жатқан бағдарлама – «5-10-20». Бұл бағдарламаға қандай топтар кіретіні әлі талқылануда, бірақ бірінші кезекте жұмыс істейтін жастар болуы керек», - деп бөлісті партия тізімі бойынша кандидат Қайрат Ауғалиев.
Облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Бейбіт Жүсіпов те ақмолалықтардың мәселесін шешуде партияның рөлін ерекше атап өтті.
«Партия аптасына жеті күн, тәулігіне 24 сағат жұмыс істейді. Адамдар басқа деңгейдегі мәселелерді шеше алмаған кезде партияға жүгінеді. Мәселелері әртүрлі: заңгерлік кеңес, тұрмыстық, әлеуметтік сұрақтар. Және, әдетте, олардың барлығы шешімін табады. Сондықтан, біздің партияға дауыс беруге шақырамын Мемлекетімізді бұдан да бай, көркейтіп, халықтың тұрмысын жақсартқысы келетін партия – Аманат!», - деді жиналғандар алдында сөз алған Бейбіт Айтымұлы.
Үміткерлер жиналғандарды дұрыс таңдау жасап, АМАNАТ партиясының кандидаттарын қолдауға шақырды.
«АМАNАТ-қа дауыс бере отырып, сіз әлеуметтік әділеттілік пен барлығына тең мүмкіндіктер жасау үшін дауыс бересіз! Біз әрқашан диалогқа ашықпыз және барлық ұсыныстарды қарастыруға дайынбыз! Сіздерді сайлауда АМАNАТ партиясының кандидаттарын қолдауға шақырамыз!», - деп сөзін аяқтады кандидат Руслан Шәмкенов.
Ал, жиналғандар кандидаттарды қолдайтындықтарын білдіріп, партия өкілдерінің шынайы жұмысын көріп отырғандарын айтып, жеңіс тіледі.
Ақмола облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді