Қазақстанда өткен тәулікте 34 адамнан COVID-19 анықталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
6 наурыздағы мәлімет бойынша 1 717 адам коронавирустан емделіп жатыр.
Олардың ішінде 121 пациент стационарда, 1 596 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
2 адамның жағдайы ауыр, 3 пациенттің жағдайы өте ауыр, 1 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.