«АМАNАТ» партиясынан Ақмола облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттар партияның cайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында студент жастармен үгіт-насихат кездесуін өткізді.
Партиялық тізім бойынша облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Қали Рахметов партияның сайлауалды бағдарламасында еңбек адамдарының құқығын қорғауға көп көңіл бөлінгенін атап өтті.
Атап айтқанда, партия мүшелері бюджеттік ұйымдардың техникалық және білікті қызметкерлерінің кірістеріндегі алшақтықты азайтуға, еңбек жағдайлары мен жұмыс орнындағы қауіпсіздікті жақсартуға ықпал ететін халықты лайықты еңбекақымен қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар міндет қойып отырғандығын жеткізді.
Қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы қарым-қатынасты өзгерту керек. Біз жұмыс берушінің жауапкершілігін, еңбек қауіпсіздігінің бұзылуына мемлекет пен қоғамның бақылауын күшейтетін боламыз, - деп баса айтты спикер.
Кандидат Умар Шоназаров жаста арасында өзекті мәселе – жатақханадағы орын тапшылығы, баспана және жұмысқа орналасу мәселесіне тоқталды. Спикердің айтуынша, партияның сайлауалды бағдарламасында бұл мәселелерді шешу жолдары нақты көрсетілген. Мәселен, қазір Ақмола облысында студент жастарға арналған төрт жатақхананың құрылысы басталып кетті.
Кандидат Сұлтанбек Бекешев жастардың үш жүйелі мәселесіне тоқталды. Атап айтқанда баспана, жұмыспен қамту және бос уақыт.
«Жастармен және олардың мәселелерімен кім жұмыс істейді?» деп жиналғандардан сұраған кезде, студенттер «АМАNАТ» партиясының жастар қанаты – «Жастар рухы» деп жауап берді. Ал бұл «АМАNАТ» партиясының жастармен үнемі жұмыс жасап, олардың мәселелерін шешіп, бос уақытын ұйымдастыратын санаулы партиялардың бірі екенін меңзейді.
Наталья Нагаческая атап өткендей, партия бағдарламасында денсаулық сақтау, шәкіртақыны арттыру, гранттар бөлу, тұрғын үйді несиелендіру бағдарламалары – жастарды үнемі толғандыратын мәселелер ретінде кең көрініс тапқан.
«Сіздер, жастар жауапкершілікті сезінулеріңіз керек, өйткені сіздер біздің қоғамның бір бөлігісіздер! Сондықтан біздің ортақ ертеңіміз қандай болатыны сізге байланысты!» – деп үміткерлер жастарды сырттан бақылаушы болмай, 19 наурызда өтетін сайлауға келіп, «АМАNАТ» партиясына дауыс беру арқылы дұрыс таңдау жасауға шақырды.
Ақмола облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.