Алматыда бірқатар сауда нүктесі мен жазғы дәмхана сүріледі, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алматыда сот шешімімен Төле би мен Момышұлы көшелерінің қиылысында орналасқан бірқатар сауда нүктесі мен дәмхана сүріледі. Мемлекеттік қордың жерін кәсіпкер үш жылға жалға алған.
Жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін кәсіпкер жер телімін мемлекеттік қорға қайтаруы керек еді, бірақ ол мұны өз еркімен жасаудан бас тартты. Сондықтан Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы сотқа тиісті талап арызбен жүгінді, - деп мәлімдеді әкімдік.
2021 жылдың 15 қыркүйегінде мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот өз бетінше салынған нысандарды сүріп, учаскені жалпы пайдалануға қайтару туралы шешім қабылдады. Бұл шешімге апелляциялық сотта үшінші тарап наразылық білдірді.
Осы талап арыз 2021 жылғы 21 желтоқсанда Алматы қалалық сотының қарауынсыз қалдырылды және бірінші сатыдағы соттың шешімі ұзақ сот талқылауларынан кейін заңды күшіне енді.
Ендігі жерде Алматы қаласы әділет департаменті сот орындаушылардың нысандарды бұзу күнін белгілейді.