Қазір Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер саны 90 мыңнан асты. Мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі 55,4 пайызға жеткен.
Мұндай мәліметті Сенаттың жалпы отырысында депутат Айнұр Арғынбекова айтты.
Сенатордың айтуынша, басшылық қызметтегі әйелдердің үлесі 39,2 пайыз деңгейінде. Ал, соңғы бес жылда мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы 39 шамасында.
Еске салайық, Қазақстанда 10 118 282 әйел бар. Бүгінде 4,3 миллион әйел жұмыс істейді. 849 мың әйел жеке кәсіпкерлік субъектілерінің басшысы болып отыр.