Қазақстанның Франциядағы елшілігі «Қазақстанның Франциядағы іскер әйелдері» қауымдастығымен бірлесіп Халықаралық әйелдер күніне арналған «Қазақстанның дамуындағы әйелдердің рөлі» атты іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шараға француз қоғамының, іскерлік және мәдени топтардың өкілдері, ЮНЕСКО басшылығы, сондай-ақ Франция мен ЮНЕСКО-да аккредиттелген бірқатар дипломатиялық миссиялардың басшылары қатысты.
Қазақстан Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова ашылу сөзінде әйелдердің қазіргі қоғамдағы маңызды әрі өсіп келе жатқан рөлін атап өтті.
Азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік немесе мәдениет саласында болсын, әйелдердің құқықтарын ілгерілету және қорғау мемлекеттің басты басымдықтарының бірі болып табылады, – деді ол.
Іс-шара аясында жаңадан құрылған «Қазақстанның Франциядағы іскер әйелдері» қоғамдастығының тұсаукесері өтті. Оған осы елде тұратын және табысты жұмыс істейтін отандастарымыз кіреді. Қоғамдастықтың қызметі Қазақстан мен Франция арасындағы көп қырлы байланыстарды дамытуға және нығайтуға бағытталады.
Іс-шараға қатысушылардың назарына «Ұлы даланың әйгілі әйелдері» атты фотокөрме ұсынылды.