Қазақстанның орталық сайлау комиссиясы 19 наурыздағы сайлауға шетелдік бақылаушыларды аккредиттеу қорытындысын шығарды.
Қазақстандағы сайлауды 786 адам бақылайды, оның ішінде 41 шет мемлекеттің 124 өкілі және 12 халықаралық ұйымның 662 бақылаушысы бар.
«Халықаралық бақылаушылардың болуы науқанның ашықтығы мен жариялылығына, мемлекет тарапынан халықаралық міндеттемелердің сақталуына ықпал етеді. Бұл біздің халықаралық ұйымдармен және шет мемлекеттермен сайлау саласындағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға деген ұмтылысымыздың айғағы», - деп атап өтті орталық сайлау комиссиясының басшысы Нұрлан Әбдіров.
Ол сайлауды бақылау үшін Қазақстанға келген бірқатар елдің орталық сайлау органдарының өкілдеріне жеке алғысын білдірді.