20.03.2023 в 10:02

Серік Күдебаевқа сот үкімі бүгін де оқылмайтын болды

Прокурор оны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

фото: ашық дереккөз

Қаңтар оқиғасынан кейін істі болған Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы тағы кейінге шегерілді.

Бұл туралы Жетісу облысы сотының баспасөз қызметі хабарлады.

10 наурызда Күдебаевқа сот үкімі шығуға тиіс болған. Алайда сотталушының сот отырысына келе алмауына байланысты сот отырысы кейінге қалдырылды.

Содан кейін сот үкімі 20 наурызда шығады деп хабарланды.

Талдықорғанда Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевтың сотында прокурор оны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Айта кетейік, 58 жастағы полиция генерал-майоры Серік Күдебаевқа қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылған болатын.