22.04.2024 в 23:19

САПАЛЫ ЖИҺАЗ ШЫМКАЙДА

Үшінші мегаполистегі «Тассай» индустриалды аймағында орын тепкен «Шымкай» ЖШС 2019 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Аумағы 2 гектар жерді алып жатқан жиһаз шығару зауытына тартылған инвестицияның жалпы сомасы 750 млн теңгені құрайды.

«Бизнестің жол картасы–2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылған жоба бүгінде Шымкент қаласындағы жиһаз өндіретін ең ірі зауыттардың бірі саналады. Өндірістік қуаттылығы жылына 54 мың жиһазды құрайды. Дайын инфрақұрылымы бар аймақта орналасқан фабрика арнайы құрылғылар мен жабдықталған және мамандар жиһаз шығару үшін заманауи жоғары технологиялық материалдарды да, дәстүрлі технологияларды да пайдаланады.

Жергілікті жиһаздың ерекшелігі – бағасы қолжетімді әрі сапалы. Еуропалық дизайнда әзірленген жиһаздың түрі көп. Түрлі биіктіктегі шкафтар, жылжымалы және бүйірлік шкафтар, үйге, коммерциялық нысанға, конференц-залға қажет жиһаздар мен жұмсақ жиһаздар да бар. Жиһаз әзірлеу зауыты 30 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Президент халықты жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындары ашу туралы тапсырмасына сай жүзеге асырылған аталмыш жоба бүгінде оң нәтиже көрсетуде. Отандық өнімді тұтынушылар да қатары артқан.