Аталған байқау жастар бойындағы таланттарды дамытуға және идеялармен алмасуға, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы білімдері мен практикалық дағдыларын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Байқау жеңімпаздарымен кездескен Қазақстанның ҚХР-дағы Елшісі Шахрат Нұрышев халықаралық деңгейдегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар конкурсындағы жеңістерімен құттықтап, жастарға екі ел арасындағы ынтымақтастық, соның ішінде білім саласындағы өзгерістерден хабардар етті.
Қазақстандық дипломат байқауды ұйымдастырған «Huawei» компаниясының басшылығына алғысын білдіріп, инновациялар мен телекоммуникациялар саласындағы бірлескен екіжақты жобаларға белсенді қатысуға шақырды.