27.06.2024 в 13:47

«ТАЗА БЕЙСЕНБІ» АКЦИЯСЫ БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАЛАУЫНДА ӨТТІ

Бүгін «Таза бейсенбі» республикалық апталық акциясы аясында Еңбекші ауданында орналасқан Забадам өзенінің бойында тазалық жұмыстары жүргізілді. Акцияға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшының орынбасары Бекайдар Тулегенов, Еңбекші ауданының әкімі Есілбек Досбол, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, мәслихат депуттары, партия қызметкерлері, қалалық «Жастар Рухы» ЖҚ белсенділері, бастауыш партия ұйымдары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Айта кетейік, ұзақ мерзімге жоспарланған экологиялық акция барысында партияластар аптаның әр бейсенбісінде  бекітілген учаскелерде тәртіп пен тазалықты сақтауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ абаттандыру мен инфрақұрылымды дамытуға байланысты мәселелерді шешетін болады. Партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасында өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту бойынша ауқымды міндеттері тұр. 

Бүгінгі таңда жүргізіліп жатқан аумақтарды, өзен-көлдердің жағалауын тазарту,  тарихи, мәдени ескерткіштердің айналасын абаттандыру, қала көшелерін көгалдандыру жұмыстары осы міндеттерге айтарлықтай үлес қоспақ. 

#AMANAT