11.08.2024 в 09:21

Қазақстанда «Орталық Азия+Жапония» бизнес-форумы өтті

Елімізде экономикалық байланыстарды нығайту, ауыр өнеркәсіп, көлік-логистика және басқа да салалардағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында өткен форумға Орталық Азия елдері мен Жапониядан 450 -ден астам өкілдері, оның ішінде жапондық ірі компания басшылары, сарапшылар, жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлері қатысты.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен аталған форумға қатысқан еліміздің Премьер-Министрі Олжас Бектенов көпжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарына тоқталды.

Үкімет басшысы жаһандық деңгейдегі экономикалық және технологиялық көшбасшылардың бірі саналатын Жапония елінің өнімдері сапасымен, инновациялық жаңашылдығымен танымал болса, Орталық Азия қарқынды дамып келе жатқан аймақ.

Бұл ретте Жапониялық инвесторлардың трансұлттық жобаларды жүзеге асыруға қатысуы аймақтық экономикалық өзара байланысын нығайта түспек.

Орталық Азия елдерін Жапонияның жасанды интеллект технологияларын енгізуімен, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету бағыттарымен, сонымен қатар ғылымның озық жетістіктеріне негізделген агротехникалары қызықтыруда.

Форум барысында қаржы саласындағы, металды кен орындарын игерудегі, көлік-логистика салаларындағы ынымақтастықты нығайту талқыланып, жапон экспорты мен импортына ашылатын бағыттар қаралды.

Сонымен қатар, форум аясында бірқатар кәсіпкерлер сөз сөйлеп, бизнес-форумның нәтижесінде көпжоспарлы әріптестіктің жаңа деңгейін орнатуға бағытталған бірлескен құжаттарға қол қойылды.

Еліміздің Шығыз Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі, әрі ірі инвесторлардың ондығына кіретін Жапониямен тауар айналымы өткен жылдың өзінде 10,5 пайызға өсіп, 2,1 млрд долларға жеткен.

Ал биылғы жылдың 5 айындағы сауда көрсеткіші 768 млн долларды құрайды.

Бұл туралы қаржы саласындағы ынтымақтастықты дамыту, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланған Үкімет басшысы Олжас Бектенов пен Жапония халықаралық ынтымақтастық банкінің төрағасы Хаящи Нобумицумен кездесуінде айтылды.

Қазақстанда энергиямен, су жабдықтаумен, тау-кен өнеркәсібі, көлік-логистика салаларында құны 2,3 млрд долларды құрайтын 26 жобаны қаржыландырған Жапония халықаралық ынтымақтастық банкі екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуда елеулі үлес қосуда.

Қазақстандық тарап қазақ-жапон қарым-қатынастарын нығайтуға, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға әрқашан әзір екендіктерін жеткізді.

Хаящи Нобумицу «жасыл» қаржы, транзиттік қаржыландыру салаларындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға мүдделі екендіктеріне тоқталды.

Одан бөлек, Жапония халықаралық ынтымақтастық банкінің төрағасы Хаящи Нобумицу отандық телеарнаға сұхбат беріп, халықаралық қаржы ұйымының негізгі міндеттері мен қызметтерінен, жоспарларынан, елімізбен бірлескен жобалар мен Қазақстанға сапар барысындағы кездеулер мен бизнес-форумның қорытындысымен қабылданған шешімдер туралы хабардар етті. Жапонияның қаржы министрлігіне қарайтын ұйым инвестиция құю, тауарды экспорттау бағытында бизнестің дамуына қолдау көрсетеді.

Сұхбатта Хаящи Нобумицу Орталық Азия елдерінің әрқайсысымен жеке-жеке кездесіп, ұсынған жобаларын қарап, зерделейтіндерін, соның ішінде жасыл энергияға бағытталған жобаларды әрқашан қолдайтындарын жеткізді.