19.12.2024 в 16:23

Пиротехниканың қауіптілігі туралы ШҚО құтқарушылары айтып берді

Жаңа жыл мерекелері жақындап келеді, сондықтан оларды қауіпсіз қарсы алу үшін ШҚО ТЖД мамандары халыққа арнайы тәжірибе көрсетті.
Пиротехникалық бұйымдарды жағып, контейнермен жапты. Әр фейерверктің қуаты контейнердің қаншалықты қашықтыққа ұшып кеткенінен көрінді.
«Петардалардың негізін жанғыш заттар мен тотықтырғыштардан тұратын жарылғыш қоспалар құрайды. «Бомбочка» деп аталатын бұйымдардың өлшемі шағын болғанымен, олар өте қауіпті және жарақат әкелуі мүмкін», - деп түсіндірді ШҚО ТЖД мамандары.
Құтқарушылар пиротехниканы қолдану кезінде келесі қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады:
Нұсқаулықты оқып шығыңыз.
Ешқашан пиротехниканы балаларға сатуға немесе оларға қолдануға бермеңіз.
Фейерверктң іске қосатын орынды дұрыс таңдаңыз. Бұл үлкен ашық алаң болуы керек, 50 метр радиуста ғимараттар, автотұрақтар және басқа өрт қаупі бар нысандар болмауы тиіс.
Фейерверктерді ғимарат ішінде және жабық бөлмеде қолдануға болмайды.
Күшті жел кезінде фейерверкті қолданбаңыз.
Петардаларды адамдарға, жануарларға және автокөліктерге лақтыруға қатаң тыйым салынады.
Білтеге от бергенде, отшашудың үстіне еңкеюге болмайды.
Отшашу аяқталғаннан кейін оны сумен сөндіріңіз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі