05.01.2025 в 18:49

Ұшақ апаты кезінде алғашқы көмек көрсеткендер марапатталды

Маңғыстаудың қайсар да кеңпейіл жандарға толы екенін тағы да дәлелдедіңіздер. Көрсеткен көмектеріңізге шын жүректен алғысымды білдіремін.
Осындай батыр жандар барда халқымыздың еңсесі биік боларына сенемін, – деді Нұрдәулет Қилыбай.


Апат орнына алғашқы болып келген «Маңғыстау өңірлік электротораптықкомпаниясы» АҚ қызметкері Нұралы Шопанов біздің орнымызда кез-келген адам болса дәл осындай қадамға барар еді дейді.
 

«Біз жұмыс орнымызда болатынбыз. Ұшақтың құлағанын көріп, ойланбастан жүгірдік. Тіпті ұшақтың жарылып кетуі мүмкін дегенді ойламағанда екенбіз. Ішінде адамдар болса тезірек шығарып алып, көмек көрсетсек деген ой ғана болды» дейді ол.


Фельдшер Тимур Қисаев ауруханаға дейінгі кезеңде шұғыл медициналық көмек көрсетті.


- 25.12.2025 жылы, шамамен 11 сағат 00 минут шамасында аға-дистпетчерден шақырту түсті. Әуе ұшағы апаттық жағдайда қонайын деп жатқандығы туралы айтылды. Дереу сол маңға қарай бағыт алдық. Науқастарды көріп, қарап алғашқы көмек көрсеттік. Қалған бригадаларға және аға диспетчерге хабарлап, қанша науқас бар екенін, нешеуі ауруханаға тасымалданғаны бойынша хабар жеткіздім,- дейді Тимур Қисаев.


Түпқараған аудандық жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Ақманов Сәкен сол сәттегі әсерімен бөлісті. 
-Аспанда қисая ұшқан ұшақ санаулы уақытта жерге құлағанын көрген бойда оқиға орнына бет алдық. Ұшақтың ішіндегі адамдардың жан айқайын естіген бойы сол маңда қызметте жүрген "Маңғыстау өңірлік электротораптық компаниясы" мамандарымен бірлесе әуе бортындағы жолаушыларды сыртқа шығарып, жедел жәрдем қызметіне тапсырдық. Әдетте мұндай көріністі тек кинолардан көріп жүрген біз алғашқы сәтте есеңгіреп те қалдық. Ендігі мұндай апаттың болмауын тілейміз»,-деді учаскелік полиция инспекторы.