06.02.2015 в 14:45

ҚХА жылына "Сығанақ" орталығы ашылды

Қызылорда облысында ҚХА 20 жылдығына орай жаңа қоғамдық бірлестік – «Сығанақ» этномәдени орталығы ашылды, деп хабарлайлы BNews.kz тілшісі.

«Сығанақ» орталығы 18 этностың өкілдері тұратын Жаңақорған ауданында ашылды. Аталмыш бірлестік ағартушылық, мәдени қызметпен айналысады.

«Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына байланысты түрлі іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Мұнда қолданбалы өнер көрмесі, фестивальдер мен халықтық музыка концерттері, ұлттық тағамдар дайындау, жастармен әңгіме секілді көптеген шаралар өтеді. Біздің міндетіміз де халықтың мәдениеті жайында барынша мол ақпарат беру, этностардың бірлігі мен достығын сақтауға септігімізді тигізу болып табылады емес пе», - дейді «Сығанақ» ЭМО басшысы Зульфия Құрманәлиқызы.

«Сығанақ» орталығының ең жас мүшелері тіпті облыстық «МеніңҚазақстаным» фестивалінде өнер көрсетіп, дарынымен халықты тамсандырып үлгерді. Этномәдени орталық мүшелерінің арасында мәдени саланың ардагерлері де бар.