29.01.2025 в 17:05

Электр өрттері және олардан қалай сақтану керектігі туралы ШҚО ТЖД айтып берді

Өрттің жиі кездесетін себептерінің бірі – электр жабдықтарын және электр құрылғыларын орнату мен пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы. Артық жүктелген ұзартқыштар, қараусыз қалған шәйнектер, қуаттауға қойылған мобильді телефондар – өрттің негізгі себептері бойынша көш бастап тұр. Пәтерлер мен үйлердегі электр құрылғыларының саны жыл сайын өсіп келеді, алайда барлығы бірдей өрт қауіпсіздігін ойлай бермейді.

ШҚО ТЖД мамандарының мәліметінше, 2024 жылы Шығыс Қазақстан облысында 388 өрт тіркелген, ал 2025 жылдың басынан бері 16 өрт оқиғасы орын алған. Мұндай өрттер көбінесе үлкен материалдық шығынға әкеледі.

ШҚО ТЖД электр энергиясын қауіпсіз пайдалану бойынша негізгі ережелерді еске салады:

Электр сымдарын және электр құрылғыларын жарамды күйде ұстаңыз

Өндірістік емес, сапасыз электр құрылғыларын қолданбаңыз

Желідегі электр құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз

Бір розеткаға энергия тұтынуы жоғары бірнеше құрылғыны қоспаңыз

Зақымдалған сымдары бар ұзартқыштарды қолданбаңыз және оларға қуаты жоғары құрылғыларды қоспаңыз

Егер электр құрылғыларын қосу немесе ажырату кезінде ұшқын байқалса, ал розеткалар қызатын болса, бұл – контактілердің әлсіздігінің белгісі. Өрттің алдын алудың ең жақсы жолы – розетканы ауыстыру.


Өрт болған жағдайда «101» немесе «112» нөміріне хабарласыңыз.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі