Биылғы жыл Елбасының Жарлығымен Ассамблея жылы болып жарияланды. Бұл жыл ұлттар мен ұлыстардың басын біріктірген «Мәңгілік Ел» идеясын іске асыру, «Нұрлы жол – Болашақ жолы» жаңару жылы ретінде жариялануы болып табылады. Жаңа әкімшілік-іскерлік орталығының алаңында өткен мерекелік шара Қазақстанымыздың көк туын желбіреткен оңтүстікқазақстандық спортшылар Ассамблея жылының туын көтеру рәсімімен бастау алды. Сонымен қатар «Жастар қоғамдық келісімді қолдайды» атты флеш-моб өтті. Ұлыстың ұйытқысы болып отырған Оңтүстікте бүгінде жүзден астам ұлт өкілдері тұрады. Олардың тілі мен дәстүрін дәріптеуге бағытталған жиырма этно-мәдени орталықтары жұмыс істейді. «Түркістан» сарайында жалғасын тапқан салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының ашылуына арналған құттықтау сөзін оқыды. Жиынға облыстық мәслихаттың «Ел бірлігі» депутаттық тобының мүшелері, зиялы қауым өкілдері, Қазақстан Республикасының даңқты спортшылары, мемлекеттік органдар мен облыстық этномәдени бірлестіктерінің төрағалары, жастар, БАҚ өкілдері қатысты.