17.03.2025 в 20:09

Өскемендегі гематология орталығы және Риддердегі көпсалалы аурухананың құрылысы ШҚО әкімінің бақылауында

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайдағы Ұлттық құрылтай барысында Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесін дамытуға баса назар аударды. Өңірде қайтарылған активтер есебінен екі ірі медициналық нысан - Өскемендегі гематология орталығы мен Риддердегі көпбейінді аурухана кешенінің құрылысы аяқталуға жақын. 
Гематология орталығы - ШҚО-да медициналық туризм кластерін белсенді дамытуға мүмкіндік беретін бірегей медициналық мекеме. Мұнда бірден екі заманауи ангиографиялық жүйе орнатылады. Қазір республикалық және шетелдік клиникалар деңгейінде мамандар даярланып, оқытудан 35 маман, оның ішінде 13 дәрігер өтті.
Риддердегі көпсалалы аурухана моноқала тұрғындары үшін нағыз сыйлық болмақ. Маңызды әлеуметтік нысан қаладан шықпай-ақ сапалы медициналық көмек алуға мүмкіндік береді. Нұрымбет Сақтағанов Денсаулық сақтау басқармасына жаңа мекемеге кадрлар даярлауды және іздестіруді тапсырды. Айта кетейік, Риддерде гемодиализ кабинеті жұмыс істейді және бүйректің ауыр патологиясы бар пациенттерге Өскеменге барудың қажеттілігі жоқ.
Облыс әкімі атап өткендей, Президент тапсырмасымен алдағы үш жылда Шығыс Қазақстанның барлық аудандық ауруханалары жөндеуден өтеді.