19.04.2025 в 15:57

«Іле жағасы қоқысқа көміліп қалған»: біркүнде 30 тонна қалдық шығарылды

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясыаясындағы сенбілік Іле өзені бойындағы жағдайдың қаншалықты күрделі екенін көрсетті

Іле өзенінің маңы – табиғаты көркем, туристер жиібаратын аумақ. Алайда соңғы жылдары бұл аймақдемалыс орны емес, бейберекет шашылған қоқыстыңортасына айналды. «Көшпенділер қаласы» мен «Тамғалы-тас» шатқалының маңында пластик бөтелкелер, дорбалар, консерві қалдықтары мен құрылыс материалдары үйіліп жатыр. Жауапсыздемалушылар мен бақылаусыздықтың кесірінен Ілеэкожүйесіне нақты қауіп төніп тұр.

Осыған орай «AMANAT» партиясының қатысуымен, Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясындаауқымды экологиялық сенбілік ұйымдастырылды. 600-ге жуық адам жұмылдырылған тазалық шарасыныңнәтижесінде өзен жағасынан 30 тоннадан астам қоқысжиналды. Жиналған қалдықты арнайы орынға жеткізуүшін екі КамАЗ техникасы тартылды.

Қатысушылардың айтуынша, жиналған қалдықтардың басым бөлігі – пластик пен шыны бөтелкелер, тағам қалдықтары, құрылыс және тұрмыстық қалдықтар. Біркүндік шарамен мәселе шешілмейтіні белгілі. Осығанбайланысты «AMANAT» партиясы бұл түйткілдіоблыстық экологиялық кеңесте жүйелі түрде көтерудіжоспарлап отыр. Партия бастамасымен туристікаймақтарға арнайы статус беру, қоқыс алаңдарынорнату, бейнебақылау енгізу және құқықбұзушыларғаәкімшілік жаза қолдану тетіктері ұсынылмақ.

«Біз табиғат ластанғаннан кейін емес, ластанбайтұрып әрекет етуіміз керек. Қазір Іле бойындағыжағдай – ескерусіз қалған аумақтың нақты көрінісі. Өзен жағасы қоқысқа көміліп жатыр. Демалушыларартынан ештеңе жинамайды. Қазан-ошақ пен тағам қалдықтары өзенге ағып, қоршаған ортағатікелей зиян келтіріп отыр. Егер жүйелі шешімқабылданбаса, жақын арада бұл жер қайтаданқалдық астында қалады. Мәселе – қоқыстыңкөлемінде емес, жүйесіздікте. Бұл аумақтаинфрақұрылым атымен жоқ. Қоқыс жәшігі де, бақылау да, жауапты мекеме де қарастырылмаған», – деді партияның Алматы облыстық филиалының төрағасы, облыстықмәслихат төрағасы Қуат Байғожаев.

Бұл іске волонтерлер де үнсіз қалмады. «AMANAT»партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Медет Бекбергеновтың айтуынша, өткен жылыосы аумақтан екі рет 10 тоннаға жуық қоқыс жинаған. Алайда олар да бұл мәселенің еріктілердің иығынаартылатын салмақ емес екенін мойындайды. 

«Жалпы, табиғатқа жанашырлық – тек ниет емес, нақты жүйелі саясатқа айналуы тиіс. Бүгінгі экоакцияға облыс әкімінің өзі бастап, мемлекеттік қызметкерлер, еріктілер, қоғам белсенділері менAMANAT партиясының мүшелері қатысуда. Волонтерлер бұл мәселемен алғаш рет бетпе-бет келіп отырған жоқ. Былтыр өз күшімізбен осы аумақтан 10 тоннадан астам қоқыс жинадық. Бірақ бізден кейін тағы да бәрі сол қалпына түсті. Бұл – бір реттік сенбілікпен шешілетін мәселе емес. Табиғатты қорғау – жүйелі бақылау мен нақты инфрақұрылымды қажет етеді. Біз қанша тазаласақ та, қоқыс тастауды тоқтатпайынша нәтиже болмайды», – деді Медет Бекбергенов.

Айта кетейік, экологиялық шаралар Іле өзенімен шектелмейді. Облыстың 373 елді мекенінде 80 мыңнан астам адамның қатысуымен 38,9 мың түп ағаш отырғызылып, 120 ақпараттық түсіндіру және 150 санитарлық тазалау шарасы өткізілген.